Дұрыс тамақтана білу

Дұрыс тамақтана білу

Мақсаты: Пайдалы және зиянды тағамдық заттармен таныстыру.
Тамақтану ережелерін жаттау.
Ұзақ өмір сүру үшін басты себеп - дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты екенін дәлелдеу.
Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сынып сағатының көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд.
Сынып сағатының барысы:
Ағзаның денсаулығына тұқым қуалаушылық, экология, зиянды әдет деген сияқты факторлар әсер ететіні анық, оған қоса дұрыс тамақтану да маңызды рөл атқарады. Зиянды тағамдардың залалы бірден байқалмаса да, уақыт өте келе міндетті түрде өзі жайлы сыр бере бастайды. Дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың тууына ықпал етеді.
Дұрыс тамақтанбау дегеніміз не?
Дұрыс тамақтанбау түсінігінің аясы кең. Бұған шамадан тыс тамақтану, зиянды тағамдарды жиі тұтыну, қатаң диеталар, аштық және т. б. кіреді.

Дата публикации: 10.03.2022