Мектепте тамақтану

2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінде 4 апталықыстық тамақ мәзірі (қыс-көктем)

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына мониторинг жургізу жөніндегі комиссияларға арналған жаднама

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар

«Өззін-өзі қамтамасыздандыру» туралы мәлімет

05.02.2020 г.

Жиналған көкөністер мөлшері
1 Картофель 300 кг.
2 Морковь 100 кг.
3 Свекла 100 кг.
4 Тыква 70 кг.
5 Кабачки 50 кг.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргiзу жөнiндегi комиссия жұмысы туралы ақпарат

Мерзiмi: қаңтар 2020 жыл

Мектепте 2019-2020оқу жылының екiншi тоқсанын — 5 оқушы аяқтады. Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны — 5 оқушы. Оның iшiнде ата-ана есебiнен тамақтанатын балалар саны — 4 оқушы. Сондай-ақ әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайы төмен , мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасындағы 1 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Қазiргi таңда бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекiтiлiп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерiстер енгiзiлген «Орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргiзiлуде.

Асхана санитарлық нормаға сай, қазiргi заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендiрiлген, қажеттi құрылғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ мектеп асханасындағы азық- түлiктердiң сапасын және ас мәзiрiнiң дәмдiк сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелерi құрылған. Бракераж комиссия мүшелерi азық-түлiктердiң сапасын тексерiп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Тексерiс барысында анықталғаны асханадағы азық-түлiктердiң сақталу мерзiмiн растайтын сертификатары бар.

Аспазшы дайындалған тағамның тәулiктiк сынамасын алып отырады. Комисия мүшелерi тарапынан мектепке жеткiзiлген азық-түлiктердiң сапасы, тағам өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмi тексерiлiп, қолданысқа берiлiп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнiмдерi ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың iшi таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай, iшiнде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөнiс өнiмдерi асханадағы қойма бөлмесiндегi арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тiркеу журналына белгiленiп отырады. Асханадағы дайындалатын кунделiктi тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделiктi даярланады. Мектеп медбикесi асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделiктi мектеп оқушыларына берiлетiн ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргiзiп, бракераж журналына тiркеп отырады . Асханадағы тамақтанатын бөлемеде мектеп басшысымен бекiтiлген ас мәзiрi iлiнiп тұрады. Онда тағамдардың , әр дайын тағамның шығымы көрсетiледi. Осы ас мәзiрi бойынша тағамның дайындалуын, шикi тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделiктi қадағалап отырады. Мектеп медбикесi балаларға күнделiктi «С» витаминiн әр балаға 70 мг. мөлшерде берiп, «С-витаминдеу» журналына енгiзiп отырады.

Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсiлi, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелерi күнделiктi қадағалап тексередi. Сондай-ақ ыстық тамақтың талапқа сай дайындалуын қадағалап отырады. Таза су асхананың iшiне орнатылған. Ыдыстар 10 литр көлемдегi 3 арнайы ыдыста жуылып, шайылып кептiрiледi. Асханада қайнаған су эмальды ыдыста қолданыста тұрады. Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерiтiндiсiмен залалсыздандырылады. Асханада қол жуатын қолжуғыш, сабын, қол сүртетiн қолсүлгi үнемi қолданыста тұрады. Асхананың iшi таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.

Мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесi директор жанындағы отырыста жылына 3 рет қазанда,қаңтарда және ақпанда қарастырылады.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша

2014 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететiн демпингтiк бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тiкелей бақылау мүмкiндiгi болмауынан, мемлекеттiк сатып алулар жүйесiнен алынды.

Бүгiнгi күнi орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдарда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелерi әзiрлендi (БҒМ 31.10.2018ж№598 бұйрығы).

Оқушылардың сапалы және қауiпсiз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде бiлiктi қызметкерлерi бар (жұмыс тәжiрибесi, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық-түлiк өндiрiсi, энергия үнемдегiш құрылғыларының болуы), қызметтi дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлерi қарастырылған.

2018 жылдан бастап азық-түлiктi дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшiн мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк механизмi енгiзiлдi.

Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкiметтiк емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитетi, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкiлдерi кiредi.

Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнiмдердi қолдану үшiн жалға алушылардың азық-түлiк өндiрiсiнiң (шаруа немесе шаруа қожалығы, жылыжайжәне т.б.) болуы және отандық өндiрушiлер тауарларын сатып алуы үшiн қосымша балл алады.

Тағамдардың, азық-түлiктердiң және аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық, органолептикалыққасиеттерi, дайындау және технологиясы мен өндiрiстiк жағдайлары балаларға арналған азық түлiк қауiпсiздiгi тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сай болуы қажет.

Келiсiмшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында, келiсiмшарт сот шешiмi бойынша бұзылып, жалға алушы жосықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.10.2018ж №599 бұйрығы).

2015 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк пен Қазақ тағамтану академиясы бiрiгiп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлген бiр реттiк тамақтандыру нормалары (ҚР Үкiметiнiң 12.03.2012ж. №320 қаулысына өзгерiстер енгiзiлдi) әзiрлендi.

Аталған нормаларда балалар ағзасына қажеттi микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.

2018 жылы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары оқушыларын дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бiрыңғай стандарттарын әзiрледi.

2019 жылдан бастап Министрлiк бiлiм беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, камералық бақылауды енгiздi.

Сонымен қатар, Министрлiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзетiн электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.

Бүгiнгi күнi қызмет көрсетудi мектеп қызметкерлерi, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкiндiгi қарастырылған. Әрбiр мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етедi. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесi, педагогтар, ата-аналар комитетi мүшелерi, қамқоршылық кеңесi кiредi.

Ереже бойынша жалға алушы ай сайын бiлiм беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлiк тiзiмiн тапсыруы тиiс.

Күнделiктi медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргiзiп, тағамдар және аспаздық өнiмдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргiзедi.

Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкiмшiлiгi тарапынан әсер етуге қажеттi мүмкiндiк жасалған. Аталған мәселеде бiлiм беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершiлiгi жоғары.

Сондықтан, Министрлiктiң мектептегi тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негiзгi қызметi — бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметiне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не iстеу керектiгiн түсiндiру.

05.09.18 ж.

  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
  2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
  3. Ыстық тамақ ұйымдастыру туралы мәлiмет
  4. Мектеп асханасындағы тағамның сапасын бақылау туралы комиссиясын құру туралы бұйрық